ШҚО-да жаңбыр күтіледі

820
көрілім
Шартты фотосурет

Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ықпал етуі салдарынан елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстікте, оңтүстік – шығыста нөсер жауын жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстанда көшпелі бұлт жүріп, кей аудандарында жаңбыр жауады деп болжануда.

Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы болады. Алматыда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 2-7 метр жел соғады, найзағай кезінде екпіні 13 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы болады.