ШҚО-да жол апаты болды

24889
көрілім

Жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші салонда қысылып қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 28 шілдеде Катонқарағай ауданында «Өскемен-Рахман қайнары» тасжолына қарасты Новохайрузовка ауылының маңында жол апаты болды.

- ВАЗ 2114 маркалы автокөлік жолдан шығып кетіп, электр желісінің бағанасына соғылған. Салдарынан 1988 жылы туған жүргізуші салонда қыстырылып қалған. ПЧ-26 құтқарушылары зардап шеккен адамды шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды, - делінген мәліметте.