ШҚТУ түлектері сәулет өнерін дамытуда

6313
көрілім

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дің 2-ші қабаты толықтай Архитекрута және құрылыс жоғары мектебіне арналған. Шығармашылыққа толы жерде көптеген халықаралық конкурс ұйымдастырылып, түлектердің дипломдық жұмыстары қорғалады. Университеттің барлық креативті, қызықты шаралары да дәл осы жерде өтеді. Оқу бағдарламасының жетекшісі Оксана Евгеньевна студенттердің жұмыстарымен қысқаша таныстырып өтті.

- Бұл жерде түлектеріміздің дипломдық жұмыстары орналасқан. Мысалы, мына жұмыс бакалавриат түлегінің арнайы қалалық архитектура бөлімінің тапсырысы бойынша орындалған. Тақырыбы: “Өскемен қаласын көгалдандыру концепциясы” деп аталады. Бұл еңбек өндірісте көптеген мәселені шешуге септігін тигізді, - деді жетекші.       

Архитектура және құрылыс жоғары мектебі қызметкерлерінің айтуынша, магистратура түлектерінің де жұмыстары өндіріс немесе проблемалық аудандардың мәселелерімен тығыз байланысты. Мысалы, аталмыш жұмыс мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстанның шекаралық аймақтарында туризмды дамыту мақсатында құрылған. “Үлкен Алтай” атты бұл шараға 4 мемлекет қатысады, оның ішінде Ресей, Қазақстан, Моңғолия және Қытай. Қаладан шығаберістегі “Өскемен” белгісі де ШҚТУ түлектерінің жұмысы.

Жоғары мектепте студенттер бірнеше мамандықта оқиды. Соның ішінде, архитектура, дизайн, сәулет өнері, мүсіндеу сияқты аты оңай болғанымен, жауапкершілігі мол мамандарды әзірлейді. Дәл осындай маман иелері болу үшін абитуриенттер сатылы емтихан тапсырады. Яғни, графикалық сурет пен бас мүсінін қағазға түсіру арқылы баллдары анықталады.

Айым ДҮЙСЕНБИНА