Синоптиктер еліміздің қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

400
көрілім
inform.kz

Бүгін республиканың басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бейсенбі күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал қалыптасады. Тек Балқаш қаласында ғана ауа сапасының нашарлауы күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы ықтимал.