Тарбағатайлықтар үшін ет сататын өз павильоны ашылуы мүмкін

7757
көрілім
Фотосурет Ult.kz сайтынан

Жергілікті жерде ет өнімін өндіретін кәсіпорынның жоқтығы аудан жұртына өз қиындықтарын келтіруде. Кәсіп ақсап, жұмыс өнбей жатқан көрінеді. Дегенмен облыс әкімі Ермек Көшербаев мәселелерді шешу үшін түрлі әдістер бар екенін жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тұрғындар сөзінше, аудан әкімдері қанша рет ауысса де ешнәрсе өнбеген.

- Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығына деген көзқарасты өзгертпесек, әрі қарай ешнәрсе алға баспайды. Адами фактор деген бар. Ешкім ауылға бармайды, жағдай жасалмай барады. Субсидия ресімдеудің өзі машақат. Егістік кезінде техникалар істен шықса, саймандары удай қымбат. Тракторлар 18-20 млн теңге. Үкімет тарапынан гарант керек сияқты. Егер кәсіпкерлер өздері бекіткен мөлшерге сәйкес бірнеше миллион теңге несие алса, көп мәселенің шешімі табылады. Мен бұны бұған дейін министрлерге де айттым. Егістік күйіп кетпес үшін Қарасу ауылы мен Шолақорданың арасында канал ашылғаны да дұрыс сияқты, - деді Сержан Омарбеков есімді кәсіпкер.

Ақжар ауылының тұрғындары аудан әкімі Дархан Шомпаев жергілікті кәсіпкерлер Өскеменге жәрмеңкеге барарда ет бағасын қымбаттатпауды сұрайтындығын айтты.

- Қалалықтардың қалтасы көтермей қалады деп жиі айтады. Иә, ол да орынды.. Сондағы сатушылар неліктен Тарбағатай жұртына саймандары мен бөлшектерін қолжетімді бағамен саудаламайды? - деді ол.

Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың айтуынша, қазір ауылшаруашылық саласын бірнеше жобаға бөлген дұрыс деп санады.

- Мәселелерді тез арада шешудің әдісі бар. Ет өткізу жағын қозғағанда, Өскемендегі құрылысы жүріп жатқан толайым дүкеннің мүмкіндіктерін айтуға болады. Оны екі жекеменшік мекеме салып жатыр. Ол жерде тарбағатайлықтардың өз павильоны болады деген жоспар бар. Ал несие алу мәселесі бойынша әзірге нақты ақпарат айту қиын. Бұл тұрғыда ережелер де өзгерді. Субсидияландыру, несие беру сияқты бағдарламалар бар еді, қазір тұралады. Сіздер көтерген мәселелер бойынша осыған дейін бірнеше ұсыныстар айтылды, - деді Ермек Беделбайұлы.

Әділхан ЕСІМХАНОВ