Тоқал сыйлау тоқшылықтың белгісі ме

386
көрілім
Фото:nur.kz сайтынан

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерге күйеуінің туған күніне тоқал сыйлаған келіншектердің бейнежазбасы жиі шыға бастады. Бұл жаңашылдық туралы танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы пікір айтты, деп жазады Buqara.kz сайтының тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, қоғамның өзі мұндай контенттен бас тартуы керек.

"Актив жинаймыз деп осындай әзіл видео түсірудің еш мәні жоқ. Бізге әлі көп іздену керек... Осындай контент көрсем өзім ұялып кетемін. Бұл тақырыптардың өзектілігін тоқтату өз қолымызда. Әлеуметтік желі ешқашан ештеңені ұмытпайды! Бізді қарап отырған қанша жастар бар. Тоқал алудың жөні осы екен деп артық кетсе, олар да кейін... Біздің қазақы менталитетімізге жат дүние ғой", - деп жазды ол.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Бас прокуратура Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалының сұхбатын назарға алған болатын.