Ұлан ауданында бүркітшілердің халықаралық фестивалі өтеді

5202
көрілім

Іс-шара Бозанбай ауылында ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Фестивальдің салтанатты ашылуы 24-ші қарашада, финал келесі күні өтеді.  
Сайысқа (қыран, бүркіт, тазымен бірге) елімізден бөлек, Монғолия, Қытай, Түркия, Қырғызстан және Ресей елдерінен келіп бақ сынайды. Сондай-ақ, әлемге әйгілі болған бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайып та шақырылды.
Шара кезінде Бозанбайдың маңайында ақшаңқан киіз үй тігіледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады: 8(72338)27-475, 28-049, 27-155 (Ұлан ауданының әкімдігі).