Ұлан ауданында «Ұлттық спорт күні» аясында сайыстар өтті

1339
көрілім

Шара Бозанбай ауылында өтіп, ауыл жұрты бір серпіліп қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл күні «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Торпақ көтеру» бойынша жарыстар өткізілді.  Ең қызықты сайыс 200 салмақты торпақ көтеру болды!


- Мұндай жарыс ауданда алғаш рет өткізілді. Бұл спорт түрі ешкімді бейжай қалдырмады. Өйткені, біршама салмағы бар ірі қара малын көтеру бәрінің қолынан келмейді. Қызықты да тартысты өткен жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алғыс хат, медальдармен марапатталды, - делінген мәліметте.