Ұлан ауданында жылқыға соғылған көлік жүргізушісі көз жұмды

12260
көрілім

Ұлан ауданы Айыртау ауылының маңында автокөлік жылқыға соғылып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес оқиға қыркүйек айының 11-і күні түнгі сағат 02:44 шамасында, «Өскемен-Алматы» тасжолының 18 шақырымында болған.
«Lada Granta» маркалы автокөліктің  42 жастағы жүргізушісі жылқыға соғылған. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автокөлік жүргізушісі алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған, оның жолаушысы (1954 ж.т. ер адам) әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылған.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345 - бабы 3-бөлігі бойынша көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген ШҚО ПД ұсынған мәліметте.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.