Жарма ауданында медицина қызметкерлері марапатталды

14866
көрілім

Салтанатты шараға аудан басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Медицина қызметкерлерінің күні – денсаулық сақтау саласында қызмет жасайтындардың ғана мерекесі емес, бұл – бүкіл халықтық мейрам. Өйткені, әр адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ.
Аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға аудан басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысып, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Үздік мамандарға түрлі деңгейдегі марапаттар табыс етілді.


Жарма аудандық ауруханасының медбикесі Зада Қасенова мен фельдшер-лаборант Ольга Геппер «Денсаулық сактау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне, медбике Дина Рымбаева Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің Алғыс хатына ие болды.


Бірқатар медицина қызметкерлері облыстық салалық басқарманың, аудан әкімдігінің грамота, алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік іс–шара концерттік бағдарламамен жалғасып, аудан өнерпаздары ақ халатты абзал жандарға жақсы көңіл-күй сыйлады.