Жарма ауданындағы ғаламтор желісі мәселесі келер жылы шешілмек

912
көрілім

Бұл туралы облыс орталығында өткен жиында аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлім етті, деп хабарлайды сайтының тілшісі.

Аудандағы Қызылағаш ауылының тұрғындары ғаламтор желісінің жоқтығын және радиобайланысының нашарлығын айтып, шағымданған болатын. Бұл ретте аудан басшысы аталған мәселе бойынша ойын айтып, атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

– Қызылағаш ауылы ауданымыздың шалғайында жатқан өңір. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен келісімшарт орнаттық. Енді аталған ауылда ғаламтор желісі мәселесі келер жылы шешімін табады, – деді аудан әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, қызылағаштықтар шет аймақтармен байланысқа шығып, ғаламтор арқылы қажетті ақпараттарын ала алмай жүргендеріне бірнеше жылдың жүзі болғандығын айтқан еді.

Әділхан ЕСІМХАНОВ