Жарма ауданының Қапай батыр ауылындағы мектеп мерзімінен бұрын қолданысқа берілмек

12599
көрілім

Құрылыс барысымен аудан әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Білім ордасы 100 орынға шақталған.
– Қазіргі таңда нысанның құрылысы жоспарлы түрде жүргізілуде. Ғимараттың ішкі сылау, әрлеу жұмыстары аяқталды. Бұған дейін мердігер серіктестік басшылығы нысанды мерзімінен бұрын қолданысқа беруге күш салатындығын айтқан болатын. Кешенді жұмыстардың нәтижесінде құрылыс уақытымен жүргізіліп, тамыз айының соңында қолданысқа берілмек, – делінген мәліметте.


Аудан басшылығы тарапынан мектептің жылу қазандығы мен спорт залының, санитарлық тораптардың құрылыс жайы назарға алынды.