Жармалықтар мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауда

388
көрілім

Аудандағы көмекке мұқтаж жандарға, көпбалалы отбасыларға көмек беру ауылдарды аралап жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жарма ауданы әкімдігінің мәліметінше, күні кеше аудандағы атымтай жомарт жандар Шалабай ауылындағы бірқатар тұрғындарға азық-түлік, ет өнімдерін апарған.

– Жұқпалы індет өршіп тұрғанда бір-бірімізге көмек беруді қиындықты жеңуге деген сенім қадам деп білеміз. Ендігі кезекте Әди мен Бірлік ауылдары тұр. Ауызбіршілік танытсақ қана басымызға түскен ауыртпашылықты бірлесе жеңе аламыз, – делінген парақшада.