Сібеден асыл тастар табуға болатынын білесіз бе?

362
көрілім

Сібе деп аталатын бес көл (Қаракөл, Қоржынкөл, Шалқар, Төртқара, Садыркөл) Көктау жотасының оңтүстік бөктерін бойлай саты түрінде орналасқан. Бұл аумақ көне жанартау белсенділігі бар мекен. Көлдердің ложасы — байырғы замандараа қатып қалған магмалар күмбездерінің арасындағы байланыстырушы болып табылады. Көлдер жер асты суларынан өзен суағарлары мен атмосфералық жауын-шашындар есебінен қоректенеді. Барлық көлдерде шағын ағыс бар, ғалымдар әзірше оның қайдан шығып жатқанын анықтай алмады.

Көктау бұйраты — жалпы ақылға қонбайтын орын. Сібе көлдерін солтүстік-шығыспен шектейтін таулардың сырт келбеті қоршаған табиғаттан ерекшеленеді. Олар тақыр болып келеді және гранитті қалдықтардан тұрады. Олардың пішіні бума болып жиналған матрастарға ұқсас. Сондай-ақ, тастардан қоңырқай су шығып тұрады. Оны тіпті жаздың ыстық күндерінде де көруге болады.

Бұл жердің геологиялық құрамы да бірегей. Мұнда пегматит арқаулары кездеседі, олармен қызыл анартас — альмандиндер араласып жатады. Үнділік йогтарға сенсек, жүрек мәселесіне пайдалы. Ол жаралы жанды емдеп, қайта шынайы махаббатқа бөленуге көмектеседі.

Одан басқа, осы өңірде қара турмалин де бар екен. Бұл айтарлықтай ерекше минерал, өзгеше қасиетке ие. Мәселен, бұл тасқа жарықта анықтап қарасаңыз, ол қара түсті емес екеніне көз жеткізесіз. Қараның түбінен көк түсті байқауға болады. Қара турмалин немесе шерл қара түсті барқыт мата секілді күннің сәулесін сіңіре алады екен. Осы қасиетіне байланысты ежелгі заманда бұл тастан адамдар қауіптеніп, қара сиқыршыларға тән күшке ие деп сенетін.