Өскеменде ер адам әкімшілік ғимаратты өртемек болған

381
көрілім

Өскемен қаласында Антикор маңындағы әкімшілік ғимаратты өртемек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
Оқиға қаладағы Стрелка ауданында болған. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің маңындағы әкімшілік ғимаратты өртемек болған адам ұсталды.
«Полиция қызметкерлері 19 жастағы жігітті ұстады. Заңбұзушылық жасағаны үшін ол әкімшілік қамаққа алынды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамның не себепті мұндайға бармақ болғаны әлі анықталған жоқ. Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.