Семейде зейнеткер әйел саунада жеңгетайлықпен айналысқан

538
көрілім

Семей қаласында саунада жеңгетайлықпен айналысқан зейнеткер әйел сотталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Абай облысы ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейде женгетайлықпен айналысқан екі әйел бас бостандығынан шектелді. 
«59 және 62 жастағы қала тұрғындары саунада әкімші болып жұмыс істеп, клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін қыздарды жіберіп отырған. Сол үшін сыйақы ретінде 15 және 25 мың теңгеден алды», - делінген ақпаратта.
Сот әйелдерді Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 309-бабы бойынша кінәлі деп тапты. Сот шешімімен айыпталушылар 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді.
«Сотталғандар Семей қаласының пробация қызметіне есепке алынды. Олардың бірі зейнеткер, екіншісі жеке кәсіпорында жұмыс істейді. Балалары мен немерелері бар. Екеуі де жасаған қылмысына өкініп отыр, - дейді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Жанар Накишева.