Өскеменде жоғалып кеткен екі балықшының бірінің денесі Ертіс өзенінен табылды

396
көрілім
Фото:stihi.ru сайтынан

Өскемен қаласында жоғалып кеткен екі балықшының бірінің денесі Ертіс өзенінен табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтынгың тілшісі.
Екі ер адам үйден балық аулауға шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Хабар түсе салысымен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын қолға алған. Балықшылардың бірінің денесі Ертіс өзенінен табылды.
«32 жастағы азаматтың денесі Огневка ауданындағы Ертіс өзенінен табылды. Оның үстінде құтқару кеудешесі болмаған», - деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.  
Екінші балықшы әлі іздестіріліп жатыр.
Айта кетейік, сәуір айында бұл денесі табылған екінші балықшы. Бірінші оқиға 14 сәуірде Кремнюха ауылынан 10 шақырым жердегі Ертіс бойынан табылған.