Шығыс Қазақстанда күн сайын 10-нан астам дала өрті шығуда

131
көрілім
Фото сурет ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында күн сайын 10-нан астам дала өрті тіркелуде деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

 
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде өрт қаупі жоғары маусым басталғалы құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Күніне шамамен 10-15 рет дала өрті тіркеледі.
«Жағдайды тұрақтандыру және тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру үшін мамандар мен еріктілер жиі от шығатын саяжайларға профилактикалық рейдке шықты. Халыққа жазда аумақтарда қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керектігі түсіндірілді. Құтқарушылар дронды да пайдалануда. Соның арқасында 200 метрге дейінгі биіктіктегі өртті жылдам анықтауға болады», - делінген ақпаратта.
Рейд нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 1 адам ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


«Басты міндетіміз – ірі өрттердің, адам шығынының алдын алу. Кейде азаматтар саяжайдағы көршісінің от жағуынан зардап шегеді. Сол үшін біз өрттің қаншалықты қауіпті екенін және қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керектігін түсіндірудеміз», - дейді департаменттің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.