«Қызыл ту» өткелінде тек бір паром жүріп тұр

455
көрілім

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, техникалық көпірмен өтемін деушілерге қатаң шектеу қойылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін «Қызыл ту» паром өткелінде екінші паромның сынуына пайланысты тек бір паром ғана жүріп тұр.
- Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары басталып кетті. Күршім, Самар аудандарының әкімдіктері тұрғындардан түсіністік танытуларын сұрайды. Қосымша тағы бір паромды жұмылдыру бойынша мәселе қарастырылуда, - делінген мәліметте.
 Сондай-ақ, салынып жатқан көпір маңында тәртіп сақшылары кезекшілік ұйымдастырып, техникалық көпірмен өтемін деушілерге қатаң шектеу қояды.