Қазақстанда баспана жалдайтын мигранттар тексерілетін болады

412
көрілім

Қазақстанда енді баспананы жалға алатын мигранттар тексеріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Не үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі террорлық шабуылдардың алдын алу үшін жылжымайтын мүлікті жалға беру операцияларын бақылауды ұсынып отыр.

Мәскеуде болған лаңкестік шабуыл («Крокус Сити Холл» СОО) террористердің тұрғын үйді жалға беру қызметін қалай пайдаланғанының нақты мысалы болды. Сонымен, лаңкестер өздерін құрылысшымыз деп таныстырып, қылмыс жасау жоспарланған жерге жақын тұрғын үйді жалдады. Клиенттерді тексеру кезінде күдік байқалса (резидент емес, тіркеу мен тұрақты жұмыс орнының болмауы, қолма-қол ақшамен төлеу, бір топ адам және т.б.), олар туралы деректер ҚББ-ға жіберіліп отырады, – делінген құжатта.

Мәскеудегі теракт

Естеріңізге салсақ, 22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты