ШҚО-дағы қан орталығында донорлық акция өтті

145
көрілім
фото сурет автордыкі

Өскемендегі қан орталығында алдағы мерекеге орай донорлық акция өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі


Алдағы мереке күндеріне орайластырылып ұйымдастырылып отырған бұл акцияда қаламыздың ер азаматтары өз еріктерімен келіп қан тапсырды. Ақ халаттылар донарларға арнайы сыйлықтарында табыс етті.
Орталық қызметкері Мира Мустафинаның сөзінше,
мұндай шара жиі болады. Әсіресе мереке қарсаңында көптеп ұйымдастырылады. Қан тапсырушы қауым жұмыстарын аяқтағаннан кейін дәрігерлердің бақылауында болады.
-- Қан тапсыру үшін алдымен біз донорларымыздың денсаулығына жіті мән бере отырып оларды алдын ала тексерістен өткіземіз. Содан кейін денсаулығында кінәраты жоқ азаматтарымызды ары қарай қан тапсыруға жібереміз. Жалпы қан тапсыру әйелдерге жылына 4 рет, ал ер адамдарға жылына 6- рет рұқсат етіледі.

 

Жоғарыда айта кеткендей, қан тапсырушы жанашырларымыз толықтай мекеме қызметкерлерінің қарауына алынады. Бүгінгі шараға қатысушы донорларымызға мекеме қызметкерлері атынан және серіктестерімізбен бірлесе отырып сыйлықтар табыс еттік, - деді ол.
Қанды 18 жастан бастап денсаулығында кінәраты жоқ жандар келіп тапсыра алады.
Айта кетейік, келесі қан тапсыру донорлық акциясы 14-ші маусымға, яғни дүниежүзілік донорлар күніне орай ұйымдастырылады.

Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ