Тестілеуге қатыспақ

196
көрілім

ШҚО-ның 43 мектебі PISA-2018 тестілеуіне қатысатын болады, деп хабарлайды газеті тілшісі Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірімізде 3 сәуір мен 23 мамыр аралығында жасөспірімдердің математикалық, әдеби және жаратылыстану сауаттылық деңгейін бағалау бойынша халықаралық зерттеу өткізіледі.

“Programme for International Student Assessment” - Экономикалық даму ұйымы 3 жылда бір рет өткізетін тестілеу шарасы. Оның мақсаты мектеп оқушыларының сауаттылығын және олардың білімін іс жүзінде қолдану қабілетін бағалау.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ