1986 жыл. Премьер-министр Шығыс Қазақстанға қатысты сыни пікір білдірді

299
көрілім

1986 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қасақ ССР-і Министрлер Кеңесінің Төрағасы болды. Ол сол кезде одақтас республикалардың ішіндегі «премьер-министрлердің» ең жасы еді.

1986 жылдың ақпан айында өткен Қазақстан Коммунистік партиясының XVI съезінде Назарбаев Дінмұхаммед Қонаевтан кейін баяндама жасады. Жас, әрі белсенді премьер-министр республикадағы жағдайды ерекше сынға алды. Ол республиканың одан әрі дамуы үшін жоспарлы көрсеткіштердің орындалмауын жасырмауды айтып, тамыр-таныстық пен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.

Өз баяндамасында ол облыстарға қажетті құрылыстардың орнына керексіз ғимараттардың салынуы сынды жоспардан тыс жүргізілетін құрылыс жұмыстарын сынады. Мұндай жағдай сол кезде Шымкент, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ерекше байқалатын.

Бұл сыннан соң жас реформатордың басына қара бұлт үйірілді. Дегенмен, ол әр мәселенің басын ашып, шындықты айту жолынан тайған жоқ.