Өскеменде өзімен кастет алып жүрген ер адам қолға түсті

676
көрілім
Шартты фотосурет

Мамыр айының 10-ы күні Өскемен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері өзімен кастет алып жүрген тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, патрульдеу барысында үйлердің бірінің ауласында отырған 20 жастағы жергілікті тұрғын көзге ілігіп, тексеру барысында қолдан жасалған кастетке ұқсас зат табылды.

- Департамент мамандарының пікірінше, жауап алу кезінде ұсталған адам бұл затты өзі жасағанын түсіндірді. Маман қорытындысына сәйкес тәркіленген зат соққы жасау әрекеті бар суық қару болып саналады, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.