Өскеменде сатушыға жасалған шабуыл туралы полиция түсінік берді

297
көрілім

Дүкен қызметкеріне жасалған шабуылға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде «Лесхоз ауылы. Шабуыл 20 желтоқсанда жасалған. Полиция қызметкерлері тұрғындарды қорғамайды» деген жазбамен бейне жазба тарады.

- Бейнежазбадағы ер адам қолға түсті. Ол 37 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Осы уақытқа дейін де азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық Кодекстің 293 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп түсінік берді ШҚО Полиция департаменті.