Өскеменде жәрмеңке өтеді

498
көрілім
Шартты сурет

Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Бұл жолы «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеде Катонқарағай ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынбақ. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланады. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі сенбіде, яғни тамыз айының 13-і күні таңертең сағат 8:00-де басталады.