Партия қатарына жаңа азаматтар қосылды

702
көрілім

6 –шілде Нұр-Сұлтан қаласының туған күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында бір қатар азаматтарға партиялық билеттер табысталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков қатысушыларды ең алдымен алда келе жатқан Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен және Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтап, жылдың еліміз үшін өте тарихи оқиғаларға толы жыл болғандығын атап өтті.

- Осы жылы тұңғыш рет елімізде паримериз өткізілді. Оған облысымыз бойынша мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар партия Төрағасы, Елбасының тікелей тапсырмасымен ҚР Парлемент Мәжілісәнде және барлық деңгейдегі маслихаттарда жастардың үлесін 20% ға әйелдердің үлесін 30% жеткізу жүзеге асырылды. Осы әлеуметтік лифтілерді жастар мен нәзік жандылар тимді пайдаланды. Сіздерге де алдағы уақытта партияның қоғамдық саяси өміріне білсенді араласып, биік белестерге жетуді тілеймін, - деді «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ол.

Осы ретте «Казцинк» ЖШС жетекші маманы Жансая Жанболатқызы Нұр-Сұлтан қаласы күні қарсаңында партия билетін алғанымен бөлісіп, «Nur Otan» партиясының мүшесі болу қоғам алдында үлкен жауапкершілігін атап өтті.

- Алдағы уақытта партия жұмысының ілгерлеуіне өз үлесімді қосатын боламын, - деді маман.