ШҚО әкімі Даниал Ахметов тікелей эфирге шығады

559
көрілім

23 желтоқсан күні сағат 17.50-де облыстық «ALTAI» телеканалында облыс әкімінің қатысуымен тікелей эфир өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Бағдарлама онлайн режимінде oskementv.kz телеарнасының ресми сайтында және Facebook, Instagram, YouTube әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында көрсетіледі.

13 желтоқсаннан бастап ШҚО әкімінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс тұрғындарының сұрақтары 1331, 8-771-202-2202 (Whats App) нөмірлері бойынша қабылданады. Электрондық пошта мекенжайы: 1331@e-vko.kz.