Абай облысына көмек көрсету жалғасуда

524
көрілім

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалындағы Абай облысына гуманитарлық көмек көрсету пунктінің жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұған дейін «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы өрттен зардап шеккен Абай облысының халқына 2 жүк көлігіне тиелген 6 тонна гуманитарлық көмек жөнелткен болатын.  Бүгін тағыда бір жүк көлігіне тиелген 5 тоннадан астам гуманитарлық көмек жолға шықты.  Онда азық-түлік, дәрі-дәрмек, жеке бас гигиеналық заттар және т.б. қажетті заттар бар.
- Біз қиындық туған сәтте абайлықтармен бірге болып қолымыздан келгенше жәрдем берудеміз. Апат айтып келмейді дегендей тілсіз жаумен күресіп жатқан орман қорғаушылармен өрт сөндірушілерге «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухының» еріктілері өз көмек қолдарын созуда. Сонымен қатар, партияластар азық-түлік, дәрі–дәрмек, өзгеде бірінші қажеттіліктегі заттармен қамтамасыз етуде. Жағдайдың тұрақталып, тұрғындардың үйлеріне қайтуын тілеймін, - дейді «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының ШҚО филиалының төрағасы Қорлан Туғамбаева.


Абай облысына гуманитарлық көмек көрсетуде партия мүшелерімен депутаттар белсенді атсалысуда.
- Біз оқиға болған жердегі азаматтармен хабарласып қандай заттар қажет екендігін анықтап сол дүниелерді жіберуге тырысудамыз. Бүгінгі жіберілген заттардың ішінде айран, сүт, йогурттар бар. Мұнымен көмек аяқталған жоқ. Тағы да жинақтап алдағы уақытта жөнелтетін боламыз, - дейді «AMANAT» партиясы ШҚО филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жансая Қаныбекова.