Ақсуатқа апарар жол бүгін ашылады

155
көрілім

Күршім-Қалжыр-Ақсуат жолының тасқын су шайып кеткен учаскесі қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары бүгін аяқталады. Жол жұмыстарына "ОблысШығысЖол" ЖШС-ның 12 қызметкері жұмылдырылып, 8 техника тартылған.


- Қазір су деңгейі айтарлықтай төмендеді. Жол өзегіне қосымша үш құбыр орнаттық. Учаске толық қалпына келтірілген соң, су құбарлар арқылы өтеді және көлік қозғалысы ешқандай қауіп төндірмейтін болады. Жұмысты бүгін аяқтаймыз, - деді "ОблысШығысЖол" мекемесінің өкілі, учаске басшысы Бағлан Ұябаев.
Жол жұмыстарының барысын облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов пен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов бақылап қайтты.