Алмат Кебіспаев – Азия чемпионатының күміс жүлдегері

579
көрілім

Үндістанның Нью-Дели қаласында грекрим күресінен өткен Азия чемпионатында 66 келідегі салмақта  Қазақстанның намысын қорғаған Алмат Кебіспаев финалда ақтық сайыста Солтүстік Кореялық балуанға есе жіберді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің фавориті саналған Алмат жарысты ширек финалдан бастады. Отандасымыз алғашқы қарсыласы қытайлық Донгтан айласын асырса, жартылай финалда жапониялық Такахсимен күш сынасты. Танымал балуанымыз қарсыласын тәжірибесінің арқасында ұтып, финалға жолдама алды. Ақтық кездесуде Алмат солтүстік кореялық балуан Пангке есе жіберіп Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, дәл осы солтүстік кореялық палуан тағы бір қазақ Өзбекстан атынан сынға түскен Елмұрат Тасмұратовтың да жолын бөгеген болатын. Елмұрат оған жартылай финалда есе жіберді.