«Алматы-Өскемен» тасжолында болған көлік апатынан 1 адам көз жұмды

190
көрілім
Фотосурет Абай облысы ПД

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан көлік тізгіндеген әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

— BMW маркалы көлігін басқарған әйел Аягөзден Семейге келе жатқан. Жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен, - деп хабарлады полиция қызметкерлері. — Зардап шегуші алған жарақаттарынан Жарма аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Көлікте болған тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Қымбат МУХАМАДИЕВА