«Алтай» волейболшылары бүгін тайландтық "Супреме" командасымен кездеседі

599
көрілім

Кеше Өскемен қаласында волейболдан қыздар арасындағы Азия Чемпионаты басталды. Алпауыт аламанда ел намысын қорғаған «Алтай» волейбол клубы алғашқы ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бірінші ойында алтайлықтар «Тайвань Пауэр» волейбол клубымен бақ сынасты. Спорт сарайына лық толған жанкүйерлердің қолдауы «Алтай» волейболшыларына үлкен демеу болғаны рас. Тартысты өткен ойын 2 сағаттан астам уақытқа созылып жергілікті команда жеңіс жалауын қарсыластарынан жұлып алды. Жалпы есеп 3:2 (21:25, 25:22, 25:19, 17:25, 15:11).

«Алтай» волейбол командасының келесі ойынын 26 мамырдағ яғни бүгін сағат 19:00 уақытында Тайланд елінің «Супреме» командасымен өткізеді.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Фотосурет: Vksport.kz