Алтайда аюлар неден масаяды?

421
көрілім

Оған себеп баршаға таныс гүл екен. Ол қар ерігенде жер бетіне алғашқы болып шығады. Халықта бұл гүл желайдар деп аталса, ғылыми атауы — сарғалдақ тұқымдасындағы ашық кестежусан.

Ресейде оны ұйқы шөп де атайды, ал сібірлік орманшыларда оның көктемгі иісін искесе, ұйқылы есеңгіреп қалуға, тіпті мәңгі ұйқыға кетуге болады деген наным бар. Оның тәтті тамырынан дәм татқан аю да масайып қалатын көрінеді. Ежелгі славяндық батырлар найзаларының ұшына кестежусанның шырынын жағып, жын-шайтанды қуу сал-жораларында қолданған екен.

Қыс мзегілінен кейін адамдарды қуантатын бұл гүлдің біздің облыста сиреп кеткенін көп ешкім біле бермейді. Кестежусан — бәйшешек болғандықтан, оның вегетация мерзімі қысқа. Оны үзіп алуға асығатындар да гүлдің көбейіп, таралуына мүмкіндік қалдырмайды. Сондықтан, кестежусан Қызы Кітапқа енгізілген. Көктемді алғашқы сұлулығынан айырмаңыздар!