Алып әйелдің ұршығын қайдан көруге болады?

359
көрілім

Мұндай ұршық Тарбағатай тауларының Қалбатау жоталары жағындағы Сарыдалада жатыр. Оның дәл ортасындағы бұзылған жиектермен қоршалған жалғыз шоқы ерекше көзге түседі. Мұнда кезінде ғибадат қылған немесе қоныстың шекарасын таспен белгілеп, мал жайған болуы да мүмкін. Оны енді анықтау қиын.

Алайда қазақтың аңыз-әңгімелеріне сенсек, осы жерлерде қарт алып әйел өмір сүріпті. Оның бойының ұзындығы сонша, Үлкен Тарбағатайдың бөктерінде ұршық иіріп отырса, аяғы Кішісіне тиіп тұрады деседі. Кемпір ешкі өсіріп, оның жүнін иіреді. Осы жануарлардан қымбат ешкімі болмаған екен.

Бірде алып әйел ешкілерін Сарыдаланың құнарлы жайылымына шығарады. Тау бөктеріне отырып, жүнін иіре бастаған сәтте ешкінің біріне қасқыр шабуылдайды. Кемпірдің айғайлаған күрілдек дауысынан аш қасқыр сескене қоймайды. Қолына түскен олжасын тістеп, қашып кетеді. Алып әйел қартайып қалған еді, жүрісі де ауыр. Желаяқ түз тағысына жете алмас. Ашуға булығып, қолындағы алып ұршығын қасқырға лақтырып жібереді. Ауыр ұршық қасқырдың құйрығын басып қалып, құтқарылған ешкі жайылымға аман-есен оралады.

Ал сол аңғарда қалып қойған ұршық жылдар өте келе тасқа айналыпты-мыс.