Астанаға тарту етпек

383
көрілім

Өңір әкімдігі Астана қаласының 20 жылдығына орай 900 миллион теңгелік әуенді субұрқақты тарту етпек.

Биылғы жылы Елордамыз Астанаға көшкеніне 20 жыл толады. Осы орайда көлемді мерекелік шаралар өтпек.

- Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Астана қаласына сыйлық ретінде салынып жатқан ботаникалық саябақ аумағында жарық шашып, әуен ойнайтын субұрқақ салуға ниетті, - дейді ШҚО Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Алма Қайрақанова.

Бастапқыда субұрқақты Өскемен қаласындағы субұрқақтың сызбасына сай салмақ болғанымен, оның су алу көзі Астана қаласының әкімдігіне ұнамады. Нәтижесінде оның құрылысы мүлде бөлек сызбамен жүргізілетін болды.

-Нысан құрылысына кететін межелі қаржы мөлшері 938,164 миллион теңгені құрайды, - деп қосты Алма Қайрақанова.

Ерлен ОСМАНОВ