Ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

341
көрілім

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар аймағында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

23 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

23 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Ертең Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

23-25 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.