Ауа температурасының төмендеуіне байланысты жолдарға шектеу қойылды

252
көрілім

Сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты «Өскемен-Шемонаиха», «Өскемен-Риддер» жолдары жабылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
"Казавтодор" ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша бүгін сағат 08-00 сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-34) «Өскемен-Шемонаиха», «Өскемен-Риддер» республикалық маңыздағы автокөлік жолында маршруттық рейстік жолаушылық көлік құралдарына, сонымен қатар дизелді қозғалтқышпен қамтылған автокөліктердің барлық түріне қозғалысқа шектеу қойылды.