Аягөз ауданының тұрғыны сөзге келмеген танысына пышақ сұққан

1255
көрілім

Аягөз ауданы, Мамырсу ауылында екі ер адамның дауы пышақ сілтеумен аяқталған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Ғаббасов көшесіндегі жер үйде бас қосқан төрт еркек ішімдіктен ұрттап демалып отырады. Сағат 23.30-дар шамасында екі азаматтың арасында дау шығып, төбелеске ұласқан. Сол кезде ашуға булыққан ер адам ас бөлмедегі пышақты қолына алып, бөтелкелесінің сол жақ кеуде тұсына сұғып жібереді. Осының салдарынан жәбірленушіге ауыр дәрежедегі дене жарақаты келтірілген.  
Аягөз аудандық сотында қаралған сот ісінде айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Сот үкімі бойынша 33 жастағы еркек ҚР ҚК-нің 106-бабы, 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді. Сондай-ақ, сотталушы 150 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылды.