Аягөз қалалық мектеп-лицейінен алғашқы түлектер түлеп ұшты

718
көрілім
Шартты фотосурет - El.kz сайтынан

Аягөз қалалық мектеп-лицейінің жаңадан қолданысқа берілген ғимаратынан алғашқы түлектер түлеп ұшты, деп хабарлайды газет тілшісі аудан әкімінің ресми сайтын сілтеме жасап.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 600 орындық жаңа ғимаратқа ие болған «Аягөз қалалық мектеп-лицейінде» соңғы қоңырау соғылды. Тарихы тереңде жатқан мектептің жаңа ғимаратқа келгелі табыстары да толағай. Алтын ұядан бүгінде 27 түлек түлеп ұшпақ. Санынан сапасы басым болған мектепте тоғыз «Алтын белгіге», үш үздік аттестатқа үміткер бар.

Аудан әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы Байахметов, өз кезегінде, мектеп түлектері мен оқушыларын биылғы оқу жылының тәмамдалуымен құттықтап, үздік оқушыларға мақтау қағаздарын ұсынды", - деп хабарлайды аудан әкімдігі.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ