Аягөз қаласының тұрғыны 10 келі марихуанамен ұсталды

582
көрілім

Наурыз айының басында Семей қалалық полиция басқармасы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ШҚО бойынша ҰҚК департаментіндегілермен бірлесіп, есірткі сақтаған адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қала аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Аягөз қаласының 44 жастағы тұрғынын ұсталды. Оның пәтерін тінту кезінде перденің ар жағына жасырылған жасыл түсті сөмке табылып, ішінен полиэтилен пакетіне оралған ерекше иісті өсімдік тектес зат табылды.
– Сараптама қортындысы, тәркіленген зат кептірілген марихуана екендігін көрсетті. Оның жалпы салмағы шамамен 10 килограммды құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 297-бабының 3-бөлігіне (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
 Осы баптың санциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.