Аягөздік футболшы Дәурен Тұрсағұлов ҚР чемпионатының үздік ойыншысы атанды

572
көрілім

Аягөз спорт мектебінің түлегі, қазіргі "Қайрат" футзал клубының ойыншысы 2020-2021 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алматылық "Қайрат" шағын футбол клубына Дәурен 2018 жылы келді. Сол кезде ол Қазақстан құрамасының құрамында футзалдан Студенттік әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанды. Талантты спортшыны байқап, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып, қазіргі уақытта негізгі ойыншылардың бірі болып саналады.
- Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне Дәурен 7 жасында келді. Біз балалар арасында футболдан жарыстар өткіздік, олардың ішіндегі ең дарындыларын спорт мектебіне шақырдық. Дәурен әрқашан сыныптастарынан жоғары болатын және көбінесе өзінен 2-3 жас үлкен балалармен командада ойнады. Оқу барысында аудан, облыс құрамасы сапында бірнеше рет облыстық, республикалық жарыстарда жеңіске жетті, - деп спорт мектебінің алғашқы жаттықтырушысы Әсет Карманов өзінің бұрынғы шәкірті туралы мақтанышпен айтады.
Жаттықтырушы Дәуреннің жоғары жетістіктері қазіргі балалар мен жасөспірімдер үшін үлгі деп санайды.
- Балалар егер қаласа, әрқайсысы чемпион бола алатынын білуі керек. Ол үшін үлкен қалада туып, өмір сүрудің қажеті жоқ. Өз арманыңызға сеніп, қажырлы еңбек етіп, тағдыр ұсынған барлық мүмкіндіктерді пайдалануыңыз керек, – дейді Әсет Карманов.
Ойыншының шыңдалуына Төлеуғали Тайтөлеевтің еңбегі зор екенін айта кеткен жөн. Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты, жалпы Қазақстан Республикасының шағын футболдың дамуына зор үлес қосып келе жатқан азамат.

1995 жылы негізі қаланған "Қайрат" шағын футбол клубы соңғы уақытта Еуропаның ең мықты клубтарының бірі болып саналады және УЕФА Чемпиондар Лигасының финалына тұрақты шығып отырады.
Қазіргі уақытта клубтың жаттықтырушысы - бразилиялық футболшы Кака деген атпен танымал Паулу Рикарду Фигейра Силва.