Аялдамаға көлікпен тоқтасам айыппұл салына ма?

630
көрілім
Шартты фотосурет.

Защита ауданындағы Вострецов көшесінің бойында «Зорька» дүкені орналасқан. Дүкен алдында автобус аялдамасы бар. Онда автобустармен қатар басқа көліктер де аялдап жатады. Көше шетіндегі аялдама қалтасының ені кең болғандықтан, көліктер автобустарға кедергі келтірмейді. Қоғамдық көлік аялдамасына көліктерін автобусқа кедергі келтірмейтіндей етіп тұрақтатқан жүргізушілерге жол-патрульдік полициясының айыппұл салуы мүмкін бе?

Ербол, Өскемен қаласы

Сіздің сұрағыңызға ШҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко жауап берді:

Жол жүру ережелеріне сәйкес, көлік құралдарын аялдама кешендерінде және оған он бес метр жақын тоқтатуға тыйым салынған, – деп түсіндірді Сергей Юрьевич. – Егер автобус аялдамасы 5.12 «Автобус және (немесе) троллейбус тоқтайтын орын» жол белгісімен жабдықталса, мұндай орындарға басқа автокөліктердің тоқтауына тыйым салынады. Сондай-ақ, халық көп баратын орындардың, мейлі ол қарапайым дүкен болсын, тауар тиеп немесе түсіретін, дүкенге келушілердің көліктерін тұрақтатын арнайы автотұрақтары болуы керек.