Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатына қатысады

620
көрілім
Фотосурет meta-ratings.kz сайтынан

Бұл жолы тек бір ғана жерлесіміз ел құрамасына іліккен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір 74 келіге дейінгі салмақта айтарлықтай өзгерістер байқалуда. Бейресми дерекке сүйенсек, көкпектілік Данияр Қайсанов жарақатына байланысты жарыстарға әзірге қатыспайды. Есесіне, басқа жерлесі Шыңғыс Мұхаметқалиевтің құрлықтық жарыста жүлде алуы мүмкін деген болжамдар айтылды. Әйтсе де соңғы ел чемпионатында солтүстікқазақстандық Нұрғожа Қайпанов чемпион атанғандықтан Моңғолия жерінде сол белдеседі. Риддерлік Олег Болтин де тізімде жоқ. Тек 86 келіге дейінгі салмақта семейлік Азамат Дәулетбеков қана бар. Сонымен, тізім төмендегідей:

1. Рахат Қалжан (57 келі)

2. Акбар Құрбанов (61 келі)

3. Санжар Досжанов (65 келі)

4. Сырбаз Талғат (70 келі)

5. Нұрғожа Қайпанов (74 келі)

6. Жігер Зәкіров (79 келі)

7. Азамат Дәулетбеков (86 келі)

8. Әділет Дауланбаев (92 келіге дейін)

9. Мамед Ибрагимов (97 келі)

10. Әлішер Ерғали (125 келі)

Естеріңізге сала кетейік, сайыс сәуір айының 19-25 аралығында өтеді.