Азамат Дәулетбеков әлемдік рейтингіде көш бастады

151
көрілім
Фотосурет Almaty.tv сайтынан

Бұл туралы мәліметті Біріккен Күрес әлемі өкілдері ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шыны керек, осы ақпарат шыққан бойда көп жанкүйердің санасында түрлі сауал туындады. Ирандық Хасан Яздани мен АҚШ үміті Дэвид Тэйлордың деңгейін басшылыққа алып, семейлік палуанның қалайша топ бастап тұрғанына таң қалды. Бірақ мұның жауабы анау айтқандай тереңде жатқан жоқ. Осы рейтингіге жауаптылар аталған спортшы соңғы уақытта қанша жарысқа шықты, қандай нәтиже көрсетті, соны ескереді. Дәулетбеков екі мықтыға қарағанда көбірек жарысқа қатысты және соларда үздік шығып жүрді.

Тізімге көз жүгіртсек:

1. Азамат Дәулетбеков (Қазақстан)

2. Дэвид Тэйлор (АҚШ)

3. Майлз Назем Амин (Сан-Марино)

4. Хасан Яздани (Иран)

5. Джавраил Шапиев (Өзбекстан)

86 келіге дейінгі салмақтың үздік бестігі осындай. Бірақ кеше ғана Дэвид Тэйлорға қатысты жағдай күрт өзгерді. Токио Олимпиадасының және үш дүркін әлем чемпионы биыл Парижде өтетін Олимпиадаға іріктеу кезінде сүрінді. Жуықта АҚШ-та алты салмақта спортшыларды белдестіріп, шын мықтыны анықтады. Дэвид Тэйлор Аарон Брукспен күш сынасып, екі белдесуде де 2:0 (1:4, 1:3) есе жіберді. Демек, рейтинг алдағы уақытта тағы жаңарады. Ал Тэйлордың орнына биыл Франция төрінде Брукс белдеседі.

Әділхан ЕСІМХАНОВ