Барнаулда ҚР Бірінші Президенті Күнін атап өтті

305
көрілім

1 желтоқсанда Барнаул қалласының Алтай мемлекеттік университетіндегі «Нұрсұлтан Назарбаев және қазақстандық жол» Құрметті кафедрасында Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Күніне арналған іс-шаралар кешені өткізілді. Іс-шара аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы таныстырылды.

Барнаулдағы ҚР Бірінші Президенті күні Құрметті кафедра, «Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы — Достық Үйі» және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығымен бірге өткізілді.

Іс-шара аясында Алтай өңірінде білім алып жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын студенттерге арналған Қазақстан тарихы бойынша өңірлік олимпиада, «Н. Назарбаев және оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Олимпиаданың алдында студенттерге ҚР Президентінің «Болшаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы түсіндірілді.

Сонымен қатар, жоо студенттерінің назарына «Нұрсұлтан Назарбаев – қазақ ұлтының басшысы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Олимпиада жеңімпаздарына сыйлықтарды «Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы — Достық Үйі» берді.