Бесқарағай ауылында төтенше жағдай жарияланды

603
көрілім
Жер асты суы бұрынғы қалыпта. Жергілікті атқарушы орган тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай жариялаған.

Естеріңізге сала кетсек, 14 сәуір күні ауылдың шетіндегі 9 үй мен 10 ауланы су алып кеткен болатын. Оқиға орнынан 22 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Арада 4 күн өткенімен, жағдай әлі қалыпқа келген жоқ. Қазіргі уақытта су тасу жағдайының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Жергілікті тұрғындарға нұсқау, кеңес беру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ауданда жедел штаб құрылып, аудан әкімі міндетін атқарушы Е.Рахметулин жағдайды бақылауына алған. Облыстың өзге де өзендерін тексеру жұмыстары жүргізіліп, ШҚО ТЖД-нің жедел штабы тәулік бойы жағдайды бақылауына алған.

Аян Өрібаев