Биыл ШҚО-да Алакөл, Марқакөл мен Сібеге апаратын жолдар жөнделеді

649
көрілім

Шығыс Қазақстанда туристік базалар орналасқан демалыс орындарына апарар жолдың бәрі жөнделетін болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен өткен мәжілісте ШҚО-ның инфрақұрылымы талқыланған.

2017 жылдың облыстық маңыздағы жолдарды жөндеуге 5,7 миллиард теңге бөлінеді. Жолдар сапалы түрде жөнделсе, демалыс базаларына барушылар да арта түсетіні белгілі. Биыл, әсіресе, Алакөлге апаратын жолға баса маңыз берілмек. Сонымен қатар, Марқакөлге апаратын «Теректі – Ұранқай – Төсқайың» бағытындағы жол жөнделетін болады.

Сонымен бірге, Алтай Альпілері демалыс базасына, Абай ауданындағы Жидебай қорық-мұражайына, паромды өткелден Күршім ауылы бағытындағы жол жөнделеді. Орташа есеппен 122 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Мейрамбек Қосажан