Біздің облыста Сасық көлдің барын білесіз бе?

369
көрілім

Сасықкөл — ШҚО-дағы көлемі бойынша үшінші орында тұрған көл. Көл ағысды, бірақ жағалауын қалың қамыс басып кеткен. Сол қамыс шіріген кезде айырықша иіс шығарады. Көлдің атауы да осыған байланысты пайда болған.

Ол Шығыс Қазақстан мен алматы облысының шекарасында орналасқан және тармақтар жүйесі арқылы байланысқан Алакөлмен бірге бірыңғай көл жүйесіне кіреді. Аумағы 736 шаршы шақырымға тең. Үлкендегіне қарамастан, оның орташа тереңдігі не бары үш метрге жуық.

Көлге үш шағын өзен құяды: Тентек, Қаракөл және Ай. Ал көлден Жіңішкесу өзені ғана ағып шығып, оны Қоқаркөл көлімен байланыстырады.

Сасықкөлдің қамыстары — қанаттылар үшін нағыз жұмақ десе де болады. Бұл жерде әр түрлі үйректер, қаздар, гагарлар, суқұзғындар, шағалалар, көкқұтандар мен балшықшылар ұя салады. Жаз мезгілінде сирек қонақ болып табылатын бірқазан мен аққуларды да көруге болады. Көл мен оның тармақтарының жағалауларында ондатрлар, қабандар, түлкілер мен тарғыл қамыс мысықтары мекендейді.

Сасық иісіне қарамастан, Сасықкөл экологиялық туризм мен балықшылықты жақсы көретіндер арасында өте танымал.