Босануға және бала тууға байланысты құжаттарды қайда тапсырамын?

497
көрілім
Босануға және бала тууға байланысты берілетін жәрдемақыны алу үшін қандай құжаттарды, қай мекемеге тапсыруым қажет?

Айсұлу, Зайсан ауданы

Сұрағыңызға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КАЕҚ ШҚО бойынша филиалы — «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің басшысы Жанат Өмірғалиқызы жауап берді:

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, төлемдерді тағайындату үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куаландыратын құжат (ҚР азаматының жеке куәлігі, елімізде тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін — оралман куәлігі.

2. Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.

Балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда – балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат.

Көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректер сәйкес келмеген жағдайда — неке қию (неке бұзу) туралы куәлік.